Алматылықтар интернеттің жұмыс істемей тұрғанына шағымданды

21 Қараша 2023, 17:15
589
Бөлісу:
Алматылықтар интернеттің жұмыс істемей тұрғанына шағымданды

Қала тұрғындары Beeline интернетінің түстен бері істемей тұрғанын айтып шағымданып жатыр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Үйдегі интернет желісі істемей қалды. Кешелі бері желі нашар болды. Орталыққа хабарластық, нәтиже жоқ. Ай сайынғы төлемі де қымбаттап кетті. Егер интернет сапасы сын көтермесе, неліктен баға көтеріледі?, - дейді қала тұрғыны Динара Есемберді.

Байланыс орталығының операторлары интернет желісін қайта қалпына келтіруге уәде берді. 

Алматы қаласында интернет желісіне шектеу болып жатыр. Біздің мамандар бұл мәселені шешу үшін жұмыс жүргізуде. Жақын арада желі қайта қалпына келтіріледі, – деп хабарлады Beeline техникалық қолдау Call-орталығы.

Өзгелердің жаңалығы