Алматылық жұмыс істейтін жастарға 250 пәтер жалға беріледі

5 Қаңтар 2020, 15:52
12233
Бөлісу:
Алматылық жұмыс істейтін жастарға 250 пәтер жалға беріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қалалық әкімдігі "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында баспаналы болуға үмітті жұмыс істейтін жастардың құжатын қабылдауды бастады. 

250 жалдамалы пәтер сатып алу құқығысыз 5 жылға берілетін болады. Бұл туралы Алматы қалалық Тұрғын үй саясаты басқармасы хабарлады.

2020 жылдың 5 қаңтарынан 20 қаңтарына дейін Алматы қалалық Тұрғын үй саясаты басқармасында 29 жасқа дейінгі жұмыс жасайтын жастар арасында "Нұрлы жер" бағдарламасының "Жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалдамалы пәтер беру" бағыты бойынша құжат қабылданады, - делінген басқарманың ресми ақпаратында. 

Өтініштер "Алматы жастары" сайтында https://almaty-jastary.kz/ қабылданады. 

Жалға берілетін пәтерлер Алматы аймағында 5 жылға мерзімге беріледі. Бүгінде Алатау ауданында 255 пәтер берілуге дайын. 

Бағдарламаға қатысу шарттарымен бағдарламаның ресми сайтында танысуға болады.

Өзгелердің жаңалығы