Алматылық спортшылар Сурдлимпиадада 11 медаль жеңіп алды

16 Мамыр 2022, 15:01
1780
Бөлісу:
Алматылық спортшылар Сурдлимпиадада 11 медаль жеңіп алды

Алматы, BAQ.KZ. Есту қабілеті нашар адамдарға арналған Олимпиада ойындары Бразилияда өтті. Қазақстан құрамасына «Алматы» спорт клубының 12 спортшысы кірді.

Спортшылар спорттың төрт түрі: дзюдо, грек-рим күресі, еркін күрес және жеңіл атлетика бойынша 2 алтын, 2 күміс және 7 қола медаль жеңіп алды.

Қазақстан тарихында алғаш рет екі алтынды жекпе-жеке грек-рим және еркін стильде палуан Қайратхан Шонку қанжығасына байлады. Екінші финалист Асылжан Тәжібаев болды, ол финалда күміс алды. Жалпы медальдік есепте Қазақстан 13-орынды иеленді.

XXIV жазғы Сурдлимпиада ойындарына әлемнің 100 елінен 4500-ден астам спортшы қатысты.
 

Өзгелердің жаңалығы