Алматылық шенеунік алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

9 Ақпан 2024, 16:39
410
Бөлісу:
Алматылық шенеунік алаяқтық жасады деген күдікке ілінді
Фото: Арман Мухатов - архив

Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары алаяқтық бойынша күдіктеліп отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы» КММ басшысының орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Шенеунік алаяқтық жасау бойынша күдікке ілінді. Алдау арқылы ол аула аумақтарын күтіп ұстау, жинау және ҚТҚ шығару бойынша қызметтер көрсету шарттарын жасасу сылтауымен 21 млн теңге көлемінде жергілікті кәсіпкердің ақшалай қаражатын иемденген, - делінген хабарламада.

Күдікті үй қамағына алынды.

Тергеу жалғасып жатыр.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Өзгелердің жаңалығы