Алматылық полицейлер іздестіріліп жүрген күдіктіні ұстады

25 Қараша 2023, 10:10
578
Бөлісу:
Алматылық полицейлер іздестіріліп жүрген күдіктіні ұстады
Фото: polisia.kz

Алматы облысының полиция қызметкерлері іздеуде жүрген қауіпті күдіктіні ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

4 қарашада Алматы облысы Полиция департаменті экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Қонаев қаласында "Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу іс-шарасы барысында 1991 жылғы К есімді азаматты ұстады.

Жедел ақпарат бойынша ұсталған адам ҚР ҚК 194-бабының 4-бөлігі (Бопсалау) бойынша Жамбыл облысының ПД бастамасымен мемлекетаралық іздеуде болған. Күдікті – деструктивті діни ағымның жақтаушысы. Тінту кезінде одан діни әдебиеттер, қалта пышағы мен балта табылды.

Қазір ұсталған адамның облыс аумағындағы басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысын анықтау бойынша барлық қажет тергеу шарасы жүргізіліп отыр. ҚР ҚПК 201-бабы шеңберінде өзге ақпарат жарияланбайды, - делінген Polisia.kz хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы