Алматылық оқушылар II тоқсанда қалай оқиды?

8 Қазан 2020, 17:45
3561
Бөлісу:
Алматылық оқушылар II тоқсанда қалай оқиды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қалалық Білім басқармасы пандемияға байланысты эпидемиологиялық ахуал жақсарған жағдайда мектеп оқушылары қалай білім алатындығын айтты.

Бұл туралы zakon.kz жазды.

Халықтың аурушаңдық деңгейінің тұрақты төмендеуі кезінде мектептердің дәстүрлі білім беру форматына біртіндеп көшу мәселесі қарастырылатын болады. Санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, бірінші кезең 1-4 сынып оқушылары, екінші кезеңде 5-11 сынып оқушылары штаттық режимдегі оқу салтына ауыстырылады. Бұл шешім Тауарлар мен қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаментімен бірлесіп қабылданады, - деді Алматы қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов.


Өзгелердің жаңалығы