Алматылық оқушылар халықаралық олимпиадада екі медаль жеңіп алды

12 Шілде 2023, 17:49
484
Бөлісу:
Алматылық оқушылар халықаралық олимпиадада екі медаль жеңіп алды
Фото: gov.kz

Эль-Айн қаласында (БАӘ) биология пәнінен өткен 34-ші халықаралық олимпиадада қазақстандық оқушылар екі күміс және екі қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Биыл республикалық команда құрамына Алматыдан келген екі оқушы кіріп, ел қоржынына жүлделі орындар салды. 

Galaxy халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы Бақдәулет Ерназаров күміс медаль иеленді. Galaxy халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы Ислам Амангелді қола жүлдені місе тұтты. IBO-15 пен 21 жас аралығындағы оқушыларға арналған ғылыми жарыс. Сайыста биыл әлемнің 79 елінен 316 оқушы бақ сынады. 

Алматылық 2 оқушы айтулы олимпиаданың жүлдегері атанды. Олимпиада жеңімпаздарын, ата-аналар мен тәлімгерлерді марапаттарымен құттықтаймыз! Толайым табыс пен жарқын жеңіс тілейміз!

Өзгелердің жаңалығы