Алматылық оқушылар Халықаралық ғылым және өнертабыс байқауында жеңімпаз атанды

1 Сәуір 2024, 20:05
365
Бөлісу:
Алматылық оқушылар Халықаралық ғылым және өнертабыс байқауында жеңімпаз атанды
PHOTO
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

22-28 наурыз күндері Тунис мемлекетінің Махдия қаласында оқушылар арасында «The International Festival Of Engineering Science And Technology In Tunisia (I-FEST - 2024)» атты халықаралық ғылым және өнертабыстар байқауы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Алматы қаласының әкімдігіне  сілтеме жасап.

Әлемнің әр түкпірінен келген 1500 қатысушының ішінен Алматы қаласының оқушылары үздік ондыққа еніп, алтын және қола медальдарға ие болды.

Алматылық оқушылар Халықаралық ғылым және өнертабыс байқауында жеңімпаз атанды

Атап айтқанда, №176 мектеп-гимназияның 8 сынып оқушысы Құттығалиева Адия алтын медаль жеңіп алса, №12 мамандандырылған гимназияның 11 сынып оқушылары Ерден Айша мен Бақытжан Томирис қола медальға ие болды.

Алматылық оқушылар Халықаралық ғылым және өнертабыс байқауында жеңімпаз атанды

Байқаудың мақсаты – ғылымды тереңінен насихаттау, соның ішінде шетелдердің ғылыми тәжірибесін тарату, сондай-ақ жастарды инновациялық қызметке тарту, жасөспірімдердің, ғылыми зерттеу дағдылары мен жаңашылдық рухын дамыту.

Өзгелердің жаңалығы