Алматылық оқушылар Гиннестің рекордтар кітабына енді

10 Қыркүйек 2023, 01:20
1058
Бөлісу:
Алматылық оқушылар Гиннестің рекордтар кітабына енді
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

9 қыркүйек «Тоғызқұмалақ күніне» орай 2000 астам алматылық жоғары сынып оқушылары бір мезетте тоғызқұмалақ ойнап, Қазақстанның Гиннес рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мұны Қазақстан Гиннес рекордтар кітабының өкілі Қарлығаш Жаппар тіркеді. Ол рекордты бекіту туралы арнайы сертификат берді. Іс-шараны Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Алматы қаласының тоғызқұмалақ зияткерлік қауымдастығы ұйымдастырды.

Алматы қаласы тоғызқұмалақ зияткерлік ойынының ордасы болып таңдалды. Бұл туралы Дүниежүзілік және Республикалық тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әлихан Бәйменов хабарлады.

2020 жылы тоғызқұмалақ ЮНЕСКО шешімімен адамзаттың мәдени мұра тізіміне енгізілді.

Өзгелердің жаңалығы