Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматылық келіншек автобустан құлап, омыртқасын сындырды

Бүгiн, 21:21
105
Бөлісу:
 BAQ.KZ  - архив
Фото: BAQ.KZ - архив

Алматыда жолаушы автобусынан түскен кезде омыртқасын сындырып алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Almaty Today Telegram-арнасының мәліметінше, оқиға 21 желтоқсанда №104 бағыттағы автобуста болған. Алдын ала ақпарат бойынша, әйел салоннан шыққалы жатқанда автобус қозғалып кеткен. Соның салдарынан жолаушы құлап, омыртқасы сынған.

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша Алматы қаласы Жетісу аудандық полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатыр, – деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта іс бойынша тексеру жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы