Алматылық азамат Ла-Манш бұғазын 14 сағат ішінде жүзіп өтті

4 Шілде 2019, 12:17
2403
Бөлісу:
Алматылық азамат Ла-Манш бұғазын 14 сағат ішінде жүзіп өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласында заңгер болып жұмыс істейтін Ержан Есімханов есімді азамат Ла-Манш бұғазын жүзіп өтіп, Франция жағалауына Қазақстан туын көкке көтерген. Бұл жаңалықпен ол өзінің Instagram-дағы парақшасында бөлісті. 

Ол бұғазды жүзіп өтуге 14 сағат 21 минут жұмсаған, жалпы жүзіп өткен қашықтығы - 34 шақырымды құрайды. 

«Бүгін Ла-Манш бұғазын Англиядан Францияға дейін жүзіп өтіп, Франция жағалауында Қазақстан туын көкке көтердім», - делінген Ержан Есімхановтың Instagram-дағы парақшасында.

Ержан Есімхановтың сөзінше, ол Ла-Манш бұғазын жалғыз жүзіп өткен алғашқы Қазақстан өкілі. Басым бөлігін түнде жүзіп өткен. 

Өзгелердің жаңалығы