Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың қаңтар айында Алматы қаласында эпидемияға қарсы күреске жұмылдырылған медицина қызметкерлері 1,77 млрд теңге көлемінде үстемақы алды.
Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы филиалы хабарлады.
Филиал басшысы Тілеухан Әбілдаевтың айтуынша, жылдың алғашқы айында:
Қауіп деңгейі аса жоғары 1-топ бойынша – 877 млн теңге (барлығы 1504 адам);
Қауіп деңгейі жоғары 2-топ бойынша – 644,7 млн теңге (барлығы 1916 адам);
Қауіп деңгейі орташа 3-топ бойынша – 254,4 млн теңге (1567 адам) төленді.
Бұған дейін хабарланғандай, пандемия басталған 2020 жылдың наурызынан бері МСҚ коронавирус пен пневмонияға қарсы күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне үстемақы төлей бастаған болатын.
Алматы қаласы бойынша өткен жылдың наурыз-желтоқсаны аралығында коронавирусқа шалдыққан сырқаттарды емдеуге 7,3 млрд теңге бөлінді. 165 мың адам ПЦР-тест тапсырған, оған 1,8 млрд теңге төленді. Медицина қызметкерлеріне жалақыға қосымша ақы ретінде 16,7 млрд теңге төленді, - деді Тілеухан Әбілдаев.
Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанда коронавирус пен пневмонияға шалдыққан науқастар тегін емделеді, ол үшін сақтандырылған болу шарт емес. Сонымен қатар пациенттер COVID-19 жұқтырған жағдайда мобильді бригадалар мен үй жағдайындағы стационар қызметін пайдалана алады.