Астана, baq.kz. Алматы қаласының тұрғыны Талғат Жұмабеков қажылыққа велосипедпен шықты. Бұл туралы kazislam.kz сайты жазды.
Талғат Жұмабеков велосипедпен Меккеге жету үшін екі айға жуық уақыт кететінін есептеп қойған. Өзімен бірге азық-түлік, фотоаппарат, дәрі-дәрмек, Құран кітабын да алыпты. Жол бойы оқып бармақшы.
Бұған дейін велосипедпен Еуропа елдерінің біразында болған ол киелі мекенге сапарын Түркістан қаласынан бастаған. Одан Шымкентке табан тіреп, ары қарай Ташкент қаласына да кіре шықпақ. Далада шатыр тігіп қонуды жоспарлап қойыпты. Ал қатты суық болса қонақ үйге түнеп шықпақ.
«Қасиетті Меккеге велосипедпен бару мен үшін қуаныш. Велосипедім де мұндай ұзақ жолдарға шыдайды. Бұйырса, Меккеге екі ай жүріп барамын. Ақпан айының аяғына қарай жетемін деп отырмын. Ештеңеден қорықпаймын. Тек бір Аллаға сенемін», - дейді Талғат Жұмабеков.
Бұл оның Меккеге екінші сапары.
Алайда, Меккеге виза аштыру мәселесі біраз қиындықтар туғызғанын айтады. Жақын күнде виза да дайын болады екен.
- Мұқаба
- Жаңалықтар
Алматылық азамат қажылыққа велосипедпен шықты

-
1Адамды өлтіріп, көлікпен бірге өртеп жіберген3812Келіссөз кері кете ме: Ресей АҚШ-тың ұсынысын қабылдай алмайтынын мәлімдеді1143Мьянмадағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2700-ден асты1094Қазақстанда фитнес клубтар мен мейрамханаларды тексеру басталды995Алтын бағасы аспандап барады64
-
1Әрқашан сұранысқа ие болатын үш мамандық анықталды76902Әскерилер 15 дәрігерді өлтіріп, бульдозермен қазылған зиратқа жерлеп кеткен25033Әскерге барғандарға 21 млн теңге жәрдемақы төленеді22244Пойыз билеттерін жарты бағасын төлеп, қалай алуға болады18895Алимент дауы: Заңгер не дейді?1397