Алматыға Илон Масктың анасы келеді

9 Қыркүйек 2024, 11:53
1498
Бөлісу:
Алматыға Илон Масктың анасы келеді
Фото: instagram.com/mayemusk

Мегаполисте алғаш рет өтетін «BeWoman» әйелдер форумында Мэй Маск сөз сөйлейді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Модель, диетолог және визионердің анасы, Tesla және SpaceX негізін қалаған Мэй Маск сұхбат форматындағы 45-минуттық сессиясында денсаулық, тамақтану, қартаю, гендерлік теңдік, баланы жалғыз тәрбиелеу, қиындықты жеңе білу жайлы баяндайды.

Ортаазиялық «BeWoman» әйелдер форумы Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен 17 қазанда Республика сарайында өтеді.

Өзгелердің жаңалығы