Алматыдан Атырауға қосымша әуе рейстері жіберіледі

8 Сәуір 2024, 10:54
241
Бөлісу:
Алматыдан Атырауға қосымша әуе рейстері жіберіледі
Фото: Air Astana компаниясының баспасөз қызметі

9 сәуірде Air Astana әуекомпаниясы Airbus A321 ұшағымен Алматыдан Атырауға және кері KC 8770 және KC 8780 қосымша рейстерін орындайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әуелайнердің сыйымдылығы 179 орын, Алматыдан Атырауға ұшып кету уақыты 17.00-де. Кері рейс 21.15-те жүзеге асырылады. Қосымша рейстерді енгізу туралы шешім Атырау облысындағы су тасқынына орай осы бағыттағы сұраныстың артуына байланысты қабылданды. 

Әуебилеттерді әуекомпанияның сайтынан, Air Astana қосымшасынан немесе брондау және ақпарат орталығынан сатып алуға болады. 

Air Astana табиғи апаттан зардап шеккендерге шын жүректен қайғырады және еріктілер ұйымдарынан ізгілік көмекті тегін тасымалдауға арналған өтініштерді қабылдайды. Байланыс: help.airastana.com +7 727 244 4477 (24/7) +7 7172 584477 (24/7) +7 702 702 4477 (24/7) +77059274477 (24/7) WhatsApp: +7 702 702 00 74 (24/7) Online chat: airastana.com (24/7), - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы