Алматыдан 450 км қашықтықта жер сілкінді

27 Қыркүйек 2023, 22:40
620
Бөлісу:
Алматыдан 450 км қашықтықта жер сілкінді
Фото: baq.kz

Қазақстандық сейсмологтар Алматыдан 450 км қашықтықта, Қытай аумағында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жерасты дүмпулерін Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі бүгін, 27-ші қыркүйек күні сағат 19:11-де тіркеді.

Эпицентрі Алматыдан 420 км қашықтықта Қытай аумағында жатыр. Зілзаланың энергетикалық класы – 9.6. Магнитудасы – 4.5. MPV. Тереңдігі – 5 км. Сезілуі туралы ақпарат жоқ, - деп жазылған хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы