Алматыдан 324 шақырым қашықтықта жер сілкінді

28 Қыркүйек 2022, 08:29
1165
Бөлісу:
Алматыдан 324 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жер дүмпуі 28 қыркүйекте Алматы уақытымен түнгі сағат 3:20 шамасында болған.

Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 324 шақырым қашықтықта, Қытай Халық Республикасының аумағында орналасқан. Энергетикалық класы - 10.0. MVP магнитудасы – 4.7. Бағыты – 42.13° с.е. 80.58° ш.б. Тереңдігі – 20 шақырым. Сезілгені жайлы мәлімет жоқ, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы