Алматыдан 276 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді

9 Наурыз 2024, 21:37
15583
Бөлісу:
Алматыдан 276 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді
Фото: baq.kz

Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының станциялар желісі 9 наурыз күні Алматы уақыты бойынша 17:35 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жерасты дүмпуінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 276 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.8, магнитудасы – 4.8. Жер сілкінісі 5 шақырым тереңдікте болған.

MSK-64 шкаласы бойынша сезілуі туралы деректер: Қазақстан аумағында сезілген жоқ.

Өзгелердің жаңалығы