Алматыдан 265 шақырым жерде жер сілкінді

11 Ақпан 2024, 11:49
26237
Бөлісу:
Алматыдан 265 шақырым жерде жер сілкінді

Қазақстанның Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 265 шақырым жерде жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жер сілкінісінің ошағы Қытайда орналасқан. Жер сілкінісінің уақыты – 09:03.
 

  • Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.4;
  • MPV магнитудасы – 4.6;
  • Тереңдігі – 5 шақырым.

Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілмеген.

 

Өзгелердің жаңалығы