Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматыдан 253 шақырым қашықта жер сілкінісі тіркелді

16 Мамыр 2025, 06:43
514
Бөлісу:
 depositphotos.com
Фото: depositphotos.com

Қазақстандық сейсмологтар Алматыдан 253 шақырым жерде жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жер сілкінісін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмологиялық бақылау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық стансалар желісі жұма, 16 мамыр, Астана уақытымен сағат 05:12-де тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстанда, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 253 шақырым жерде орналасқан, – деп жазылған орталық хабарламасында.

Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілмеді деп түсіндіріледі.

Бұл ретте, Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) мәліметінше, 6 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 05:12-де Шығыс Қазақстанда 1 шақырым тереңдікте магнитудасы 4,2 болатын жер сілкінісі болды. Оның бастауы Ақсу қаласынан (Қытай) 164 шақырым және Алматы облысындағы Кеген ауылынан 70 шақырым жерде орналасқан.

Еске салайық, дүйсенбі, 12 мамырда қазақстандық сейсмологтар Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінісін тіркеді. Жер асты дүмпулерінің 10 шақырым тереңдікте болғаны айтылды. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10,4, MPV магнитудасы 4,8.

Өзгелердің жаңалығы