Алматыдағы жер сілкінісі: Университеттерге келген зақымның шығынын кім өтейді

6 Наурыз 2024, 12:37
1990
Бөлісу:
Алматыдағы жер сілкінісі: Университеттерге келген зақымның шығынын кім өтейді
Фото: автордан

Алматыда жер сілкінгенде ЖОО-лардың ғимаратына зақым келген. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жөндеу жұмыстарын кім жүргізетінін айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Алматыдағы жоғары оқу орындарының кейбір ғимараттары мен жатақханалары жер сілкінісінен зақымданды, олар ЖОО өз қаражаты есебінен қалпына келтіріледі. Біз сараптама жасадық. Шынымен де бірнеше ғимаратта, атап айтқанда, әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, ЖенПИ және басқа да бірнеше университет жатақханаларында жарықтар пайда бола бастады. Біз қала құрылысы бөлімдерінен арнайы мамандарды шақырдық. Сейсмикалық төзімділігін анықтап, сараптама жүргіздік. Құрылыстарға зақым келген жоқ, жарықтар бар, бірақ бұл қауіп туғызады деп айта алмаймыз, - деді Саясат Нұрбек кулуарда журналистерге берген сұқбатында.

Ведомство басшысының айтуына қарағанда, 4 наурыз күні, яғни жер сілкінгенде студенттер ғимараттардан дереу шығарылған. Сондай-ақ бірнеше пунктте өтіп жатқан наурыз айындағы ҰБТ тоқтатылған.

Жөндеу жоғары оқу орындарының есебінен болады. Келтірілген шығын аз. Бір жерде сылақ, бір жерде аспалы төбелер құлаған, - деп айтты Саясат Нұрбек.

4 наурыз күні сағат 11.22-де Алматыда 5 балдық жер сілкінісі болғанын еске сала кетейік.

Өзгелердің жаңалығы