Алматыдағы жер сілкінісі: Қаладан 19 мың көлік шығып кетті

23 Қаңтар 2024, 17:00
2834
Бөлісу:
Алматыдағы жер сілкінісі: Қаладан 19 мың көлік шығып кетті
Фото: Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ - архив

Алматыда жер сілкінісі болған түні 19 мыңға жуық көлік қаладан кетіп қалған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Sergek Group мәліметі бойынша жер сілкінісі болған алғашқы 15 минутта көлік қозғалысы артқан. 

Зілзала кезінде көліктердің саны 40 пайыздан 168 мыңға дейін өскен. Сағат таңғы 5-ке дейін көлік саны 208 мың бірлікке жетті, бұл өткен аптамен салыстырғанда 267 пайызға артық. Жер сілкінісі трафиктің орташа есеппен 4,5 есе өсуіне себеп болғаны байқалады. Жер сілкінісі болған түні Алматыдан 19 мыңға жуық көлік шығып кетті, ал өткен аптада қаладан 7,5 мың көлік кеткен болатын. Осылайша, шығатын көлік санының артуы шамамен 152 пайызды құрады. Ең қарқынды 239 пайыздық өсім түнгі уақытта тіркелді. Сонымен қатар, бірінші ауысым сабақтарының тоқтатылуына байланысты Алматыда 23 қаңтарда таңертеңгі трафиктің әдеттегі күнмен салыстырғанда 20 пайызға төмендеуі тіркелді. Бұл жағдайда қозғалыстың орташа жылдамдығы сағатына 20 шақырымға дейін өсті, – делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы