Алматыдағы жер сілкінісі: медицина қызметкерлері ерлік танытты

24 Қаңтар 2024, 16:52
799
Бөлісу:
Алматыдағы жер сілкінісі: медицина қызметкерлері ерлік танытты
Фото: Кейіпкердің жеке мұрағатынан

Алматыда жер сілкінісі болған күні медицина қызметкерлері емделушілердің қасында болып, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткен. Сондай жандардың бірі – Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының кардиолог дәрігері Мадина Нұржанова, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Сол түні Мадина кезекшілікте болып, науқастарды сабырлыққа шақырып, оқыс оқиғаның алдын алған. 

Алматыдағы жер сілкінісі: медицина қызметкерлері ерлік танытты

Біздің жұмысымыз – тек қана науқастарды емдеу ғана емес, сонымен қатар олардың қауіпсіздігін де қамтамасыз ету. Дәл сол күні бізде үрей болса да, емделушілерді тыныштандыра алдық. Сол түнде жұмыста болған барлық медициналық персонал және әкімшілік көмектесті. Клиниканың медициналық директоры Гүлнара Ермаханқызы Оспанова үйінен келді. Ауруханада 200-дей науқас емделіп жатқан, олардың 4-еуі – реанимация бөлімшесінде. Әрбір бөлімшеде де ауыр науқастар болды, – дейді дәрігер. 

Мадина сол күні эвакуацияға дайын болып, науқастардың қауіпсіздігіне кепіл болған. 

Сол күні бәріміз қорықтық, бірақ науқастарға қорыққанымызды білдірмеуге тырыстық. Бөлімшелердегі мейіргерлер, кіші персонал, тіпті күзет қызметкерлері де сол күні жауапкершілікті ерекше сезініп, әрқайсысы өз жұмысын ойдағыдай атқарды. Эвакуацияға да дайын болдық, – дейді дәрігер.

Өзгелердің жаңалығы