Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматыдағы жер сілкінісі: Дүмпулер қайталануы мүмкін бе?

21 Қыркүйек 2025, 18:32
913
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Алматы тұрғындары мен қонақтарына жер сілкінісі туралы хабарламаның келуіне сейсмологиялық датчиктердің дүмпуді тіркеуі себеп болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осыдан кейін Mass Alert жүйесі автоматты түрде іске қосылғанын қалалық Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.

2023 жылдан бері Алматыда жұмыс істеп тұрған автоматтандырылған ерте ескерту жүйесі (АЕЕЖ) бар. Ол 28 сейсмостанциядан тұрады және сейсмикалық толқынды жедел тіркейді. Алғаш болып оқиғаны Ақжар станциясы анықтады. Жүйе деректерді Mass Alert жүйесіне жіберіп, соның негізінде ресми хабарлама таратылды, - деп түсіндірді ведомстводан.

Сонымен қатар министрлік жүйені жетілдіру жұмыстары жүріп жатқанын атап өтті.

АЕЕЖ бен Mass Alert интеграциясы жалғасуда. Ақпарат жеткізу тетіктерін реттеу және аналитикалық алгоритмдерді жетілдіру бойынша мамандар жұмыс істеп жатыр. Бұл алдағы уақытта қауіпті сейсмикалық жағдай туындаған кезде халықты жылдамырақ әрі нақтырақ құлақтандыруға мүмкіндік береді, – деді ведомство.

Еске салайық, Алматы тұрғындары мен қонақтарына жер сілкінісі туралы дабыл 9 шақырым қашықтықта, қаланың оңтүстік-батысында тіркелген дүмпулерге байланысты жолданған. Дегенмен ол қала аумағында сезілген жоқ.

Алматы сейсмологтарының мәліметінше, қайталама дүмпулер (афтершоктар) күтілмейді.

Өзгелердің жаңалығы