Алматы, BAQ.KZ. ҚР Ұлттық кітапханасындағы Иран кітап бұрышына Алматы қаласы Иран Ислам Республикасы Бас консулының әдебиеттерді сыйға тарту рәсімі өтті.
Кітап бұрышы 2005 жылы Қазақстан мен Иран халықтары арасындағы өзара түсіністікті тереңдету және достықты нығайту, Иранның мәдениетін,тарихын, экономикасын және қазіргі саясатын зерттеу мен ақпараттандыруды, классикалық және заманауи әдебиеттінасихаттау мақсатында құрылған. Иран Ислам Республикасы екі ел арасындағы мәдени және экономикалық байланысты дамытуға бағытталған бірлескен күш-жігерді үйлестіріп келеді.
2022 жылы Иран кітап бұрышы жаңа заманауи жиһаздармен жабдықталды. Қазіргі таңда бұрыштың қорында 603 дана кітап пен 82 дана журнал бар. Бүгінгі таңда Иран әдебиеті білімнің барлық саласы бойынша ағылшын, парсы, орыс тілдерінде Әлем әдебиеті оқу залында ашық қолжетімді.
Қорда ғылыми-көпшілік және энциклопедиялық сипаттағы, сондай-ақ заманауи көркем әдебиет, электрондық мерзімді басылымдар және басқа да материалдар ұсынылған.
Жиын барысында Ұлттық кітапханаға білім мен ғылымның түрлі салаларындағы әдебиеттер сыйға тартылды. Оқырмандардың қызығушылығын тудыратын кітаптар топтамасы: «Рустам и Сухрат», «Шахнаме» бойынша 9 топтамаәңгімелер, балалар әдебиеті: «Волшебное перо», «Дедушка Новруз и 40 разбойников», «Сундук с сокровищами» және т.б.
Шараға Алматыдағы Иран Ислам Республикасы Бас консулдығының өкілдері, Алматыдағы жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушылары қатысты.