Алматыдағы тіс емдеу орталығында 22 жастағы қыз көз жұмды

31 Тамыз 2021, 10:57
6106
Бөлісу:
Алматыдағы тіс емдеу орталығында 22 жастағы қыз көз жұмды

Алматы, BAQ.KZ. Қайғылы жағдай 26 тамыз күні болған. Ол жайлы толығырақ Instagram-дағы Zhaloby Almaty парақшасында жарияланды.

Мария еңбек демалысына шығысымен үйлену тойының алдында тісін емдетпек болған. Ақыл тісін жұлдыру үшін тіс емдеу орталығына барыпты. Дәрігердің кеңесінен кейін оның зақымдалған төрт тісін жұлдыру қажет болыпты.
Қызға толықтай наркоз саламыз деген. Ол келіскен. Қан талдамасынан кейін бойжеткен тіс емдеу креслосына жатады, арада алты сағат өткен соң туыстары оның көз жұмғанын естиді. 

Емхана қызметкерлерінің айтуынша, сәтсіз уколдан кейін науқаста анафилактикалық шок болған. Олар екі сағат бойы екпені сорып алуға тырысқан, бірақ нәтиже болмаған.

29 тамыз күні қызды той көйлегімен жерлеген. 

Жерлеу күнінде клиника қызметкерлері келіп, көңіл айтты. Қыздың ата-анасына бір бума ақша ұсынды. Әкесі қорықпай келгендеріңе рахмет, бірақ ақшаларың қажет емес деді. Олар содан кейін кетіп қалды, - деп жазылған Zhaloby Almaty парақшасында.

Алматы қалалық Полиция департаменті бұл жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.

Тергеу аясында тиісті сараптама тағайындалды. Соның қорытындысы бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы