Алматыдағы тергеу изоляторында «азаптау камералары» бар – фейк

16 Ақпан 2022, 11:13
1117
Бөлісу:
Алматыдағы тергеу изоляторында «азаптау камералары» бар – фейк

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚАЖ комитетінің төрағасы әділет генерал-майоры Жанат Ешмағамбетов брифинг барысында айтты. 

Қылмыстық-атқару жүйесінің басты міндеті – сот шешімдерінің негізінде қамауға алынған барлық азаматтарды қамауда ұстаудың заңды жағдайларын және кепілдерінің сақталуын қамтамасыз ету.Қазіргі уақытта ақпараттық кеңістікте тергеу изоляторларында жасалған азаптаулар туралы жалған ақпарат жаппай таралып жатыр, - деді ол. 

Жанат Ешмағамбетов ондай ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты. 

Біз олардың шындыққа жатпайтынын, қоғамды адастырып, болып жатқан оқиғалардың нақты көрінісін бұрмалайтынын мәлімдейміз. Тіпті онымен қоймай,   Қазақстанның сыртында жүргендер, Алматыдағы тергеу изоляторында «азаптау камералары» бар деген «фейк» хабар таратып жатыр.Бұл мүлде жалған және мүмкін емес ақпарат, - деді ол. 

 

Өзгелердің жаңалығы