Алматыдағы тәртіпсіздік: 2 мыңға жуық адам ұсталды

6 Қаңтар 2022, 18:09
782
Бөлісу:
Алматыдағы тәртіпсіздік: 2 мыңға жуық адам ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Алматыда көшелерді тазалау кезінде полицияға 2 мыңға жуық адам жеткізілді, деп хабарлады ІІМ-нің  баспасөз қызметі.

Алматы қалалық ІІД қызметкерлері Қарасай батыр – Масанчи көшелерін тазалау  үшін алға жылжығаны хабарланды.

Тәртіп бұзушыларды ұстау шаралары жүргізіліп жатыр. Барлығы екі мыңға жуық адам полицияға жеткізілді, - делінген хабарламада.

6 қаңтардағы жағдай бойынша Қостанай облысында жағдай тұрақты. Қоғамдық тәртіп түнде қалпына келтірілді.

Бір топ адамның заңсыз әрекеті салдарынан бір полиция қызметкері зардап шекті. Оқиға орнын тексеру барысында жанғыш қоспасы бар бөтелке тәркіленді, сонымен қатар бір азаматтан травматикалық тапанша алынды, - делінген баспасөз хабарламасында.

Қызылордада тәртіпсіздіктен кейін қала ғимараттарының терезелері мен есіктері сынған.

Ішкі істер органдарының қызметкерлері қоғамдық тәртіпті тиісінше қорғап және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, - деп толықтырды ІІМ.

Өзгелердің жаңалығы