Алматыдағы Рысқұлов – Күдерин жолайырығындағы көпір біраз уақытқа жөндеуге жабылады

Бүгiн, 02:48
147
Бөлісу:
Алматыдағы Рысқұлов – Күдерин жолайырығындағы көпір біраз уақытқа жөндеуге жабылады
Фото: скрин

Рысқұлов-Күдерин жолайырығындағы аумаққа орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

6 тамыз, сағат 23:00-ден 8 тамыз сағат 11:00-ге дейін көпірде қозғалыс батыс бағытта, сондай-ақ Кудерин көшесінен қосылатын жол толығымен жабылады.

Жөнделетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірі жазылған стендтер қойылады.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS пен «Яндекс карталар» сервистерінде жазылған.

Өзгелердің жаңалығы