Алматыдағы өрт. Қаза болған 13 адамның төртеуі шетелдік

30 Қараша 2023, 11:45
496
Бөлісу:
Алматыдағы өрт. Қаза болған 13 адамның төртеуі шетелдік
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматы қалалық Полиция департаменті, хостелдегі өрт салдарынан қаза тапқандардың жеке басы анықталғандығын мәлімдеді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Қаза болған 13 адамның төртеуі шетелдіктер (Ресей Федерациясының 2 азаматы және Өзбекстанның 2 азаматы), тағы 9-ы - Қазақстан Республикасының азаматтары. Сот-медициналық сараптама тағайындалды,- дейді Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін таңертең Алматыда орналасқан хостелдердің бірінен өрт шығып, 13 адамды ажал құшты. Белгілі болғандай хостелдің іске қосылғанына не бәрі 1,5 ай болған. Онда шетел азаматтары тұрған. Сонымен қатар өрттің шығу себептерін тексеру жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды. Өрттен зардап шеккендердің жағдайы туралы мәлімет белгілі болған еді. Сондай-ақ, өрт фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелген болатын. Хостелдегі өртке байланысты Алматы Төтенше жағдайлар департаменті жедел желіні іске қосқан еді.

Өзгелердің жаңалығы