Алматыдағы өрт. Барлығы 43 адам зардап шекті

2 Тамыз 2023, 14:50
613
Бөлісу:
Алматыдағы өрт. Барлығы 43 адам зардап шекті
Фото: Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан

Алатау ауданы, Ақкент шағын ауданы, 54 мекенжайы бойынша орын алған өртке 23 жедел жәрдем бригадасы, соның ішінде 5 жансақтау бригадасы жұмылдырылған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Барлығы 43 адам зардап шекті.

4 бала жансақтау бөлімінде жатыр, тағы төртеуі медициналық көмек көрсетілгеннен кейін амбулаторлық емдеуге жіберілді, үш баланың ата-анасы ауруханаға жатқызудан бас тартты. 12 ересек қалалық көпбейінді ауруханаларға жеткізілді, соның ішінде 5 адам ауруханаға жатқызылды, басқалары қажетті жедел медициналық көмек көрсетілгеннен кейін амбулаторлық бақылауға жіберілді, - делінген Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы таратқан хабарламада.

Өрттен зардап шеккен қалған адамдардың жағдайы тұрақты.

Бір әйел алған жарақаттан қайтыс болды.

Кейбір тұрғын үй кешені  тұрғындарына оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді.

Еске салсақ, кеше сағат 17:10-да Алматы қаласы Алатау ауданының Ақкент ықшам ауданында тұрғын үй өртенді. Өрт сөндірушілер қызыл жалыннан 300 адам эвакуациялады, 70-ке жуық адам құтқарды. Алайда өрт кезінде бір әйел қайтыс болды. Ал 4 пациент балалар ауруханасының реанимациясына түскен. Бүгін қала әкімі қаза болған әйелдің отбасына көңіл айтты.

Өзгелердің жаңалығы