Алматыдағы лай көшкінінің астынан 2007 жылы туылған жас жігіттің денесі табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сағат 10:00-дегі жағдай бойынша ақпаратқа сәйкес, Алматыдағы лай көшкіні болған жерде жерде жедел штаб құрылды.
Қазіргі уақытта жеке тұрғын үйді лайдан тазарту және адамдарды іздеу жұмыстары жүргізілуде. 182 маман мен 32 техника жұмылдырылды.
Жедел медициналық жәрдем бригадалары жұмыс істеп жатыр. Туыстары мен көршілеріне шұғыл психологиялық көмек көрсетілді. Алматы қаласы ТЖД және республикалық жедел-құтқару жасағының күштерімен топырақтың лайлануына байланысты техногендік сипаттағы лай көшкіні ғимаратты зақымдаған. Үйінді астынан 2007 жылғы жас жігіттің денесі табылды. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда көшкін жүргені туралы жазған болатынбыз. ТЖМ шұғыл мәлімдеме жасап, соған байланысты Алматы қаласының әкімі шұғыл көшпелі кеңес өткізген еді.
Фото: Ақтолқын Тұрлығазы BAQ.KZ тілшісі