Алматыдағы Есентай жағалауы өзгеріске енеді

Бұқар жырау көшесінен Тимирязев көшесіне дейінгі Есентай жағалауы жаңа кейіпке енеді.

 Алматы әкімдігі 16 Қыркүйек 2026, 03:33
16 Қыркүйек 2026, 03:33
139
Фото: Алматы әкімдігі
 
​Сұр бетон қабырғалардың орнына қала туралы ән жолдары жазылған арт-нысан пайда болады.  
 
Бұл туралы Алматы қаласының әкімдігі ресми сайтында жазды.

Осылайша, Бұқар жырау көшесінен Тимирязев көшесіне дейінгі Есентай жағалауы жаңа кейіпке енеді.

Жоба аясында жағалау бойындағы бетон қабырғалар көркем композициямен безендіріледі. Оның негізіне Алматы туралы әннің жолдары алынған.

Ән мәтіні серуен бағыты бойына кезең-кезеңімен орналастырылады. Жағалаумен жүрген сайын композицияның жаңа бөлігі ашылып отырады. Арнайы QR-код арқылы әнді тыңдауға да болады.

Қабырғаларды безендіру үшін күн райына төзімді қасбет және граффити бояулары қолданылады.

Жоба демеушілік қаражат есебінен жүзеге асырылады.

Наверх