Алматыдағы Есентай өзенінің жағалауында демалыс аумағы бой көтерді

19 Шілде 2022, 14:20
1579
Бөлісу:
Алматыдағы Есентай өзенінің жағалауында демалыс аумағы бой көтерді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Есентай өзенінің жағалауында су бөлгіштен Жамақаев көшесіне дейінгі аралықта жаңа форматтағы қоғамдық кеңістік құру бойынша жұмыстар аяқталуға жақын, ұзындығы 4,2 жаяу жүргіншілер жолы жасалды, өзеннің жағалауы бекітілді. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

Абаттандыру жобасы табиғи ландшафты сақтай отырып, қалалықтардың жайлы демалысына жағдай жасауға бағытталған болатын. Мұның негізінде заманға сай инфрақұрылымды табиғатқа барынша зиян келтірмейтіндей етіп жасау идеясы жатыр, – деді Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасының бөлім жетекшісі Мұрат Жексенбаев. 

Алматыдағы Есентай өзенінің жағалауында демалыс аумағы бой көтерді

Сондай-ақ абаттандыру жұмыстары аясында ұзындығы 1,3 км-лік ағаш қоршау және тіреуіш қабырғалары (4,2 км) орнатылды. 600-дей қылқан жапырақты және жапырақты ағаштар, 3500-ден астам бұта және шамамен 700 ш. м. көпжылдық және 100 ш. м. біржылдық өсімдіктер отырғызылды. 339 жарық шам, 8 ойын алаңы мен спорт алаңы, 4 табиғатты тамашалау  алаңы мен пандустар, 4 пергола, 2 модульдік дәретхана, су жағасына 10 орындық, 130 қоқыс жәшігі және жағалау бойына 70 орындық қойылды.

Алматыдағы Есентай өзенінің жағалауында демалыс аумағы бой көтерді


 

Алматыдағы Есентай өзенінің жағалауында демалыс аумағы бой көтерді
Өзгелердің жаңалығы