Алматыдағы эпидемиологиялық ахуал

7 Маусым 2021, 12:45
1686
Бөлісу:
Алматыдағы эпидемиологиялық ахуал

Алматы, BAQ.KZ. Өткен тәулікте қалада коронавирустық инфекцияның 143 жаңа жағдайы тіркелді, оның 118-де симптомдық белгілері бар және 25 симптомсыз.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы 6 маусым күні 37 науқастың емделіп шыққанын және жаңадан 54 адам келіп түскенін хабарлады.

Барлық инфекциялық стационарларда 1 258 адам бар, оның 57-і бала. Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 101 науқас бар. Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығының мобильді топтарымен бірге үй жағдайында 1 347 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 1 131, симптомсыз 216 науқас бар,-делінген хабарламада.

Сондай -ақ өткен тәулікте Алматы қаласы бойынша 1 257 адам вакцина салдырған.

Қала бойынша вакцина алғандар саны 316 407. Оның ішінде 30 821 адам 60 жастан асқан қарт кісілер.
Бүгінгі таңда Алматыда медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СО-да 211 вакцинация пункті жұмыс істейді. 304 вакцинация бригадасында 1 257 медицина қызметкерлері жұмылдырылды,-делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы