Коронавирус: Алматыдағы эпидемиологиялық ахуал

26 Мамыр 2021, 11:04
4176
Бөлісу:
Коронавирус: Алматыдағы эпидемиологиялық ахуал

Алматы, BAQ.KZ. 25 мамыр күні қалада коронавирустық инфекцияның 310 жаңа жағдайы тіркелді, оның 264 симптомдық белгілсімен және 46-сы симптомсыз. 

Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Басқарманың мәліметінше, кеше 286 науқас емделіп шыққан, ал келіп түскендер саны – 113.

Барлық инфекциялық стационарда 2 129 адам бар, оның 65-і бала. Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 153 науқас бар. Бүгін БМСК мен Телемедицина орталығының мобильді топтарымен бірге үй жағдайында 2 349 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 2 045, симптомсыз 304 науқас бар, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ өткен тәулікте Алматы қаласы бойынша 2 557 адам вакцинация алған. Ал ақпанның 1-нен бері 293 928 адам вакцина салдырыпты.

Жалпы қазақстандық QazVac вакцинасын 3 000 адам егілді. Қытайлық Sinopharm вакцинасының бірінші компонентін 12 529 адам алды. Енді қазақстандықтарда үш препараттың ішінен КВИ-ға қарсы вакцинаны таңдау мүмкіндігі бар, - делінген хабарламада.

Алматыда қазір медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 211 вакцина салу пункті жұмыс істейді.

Өзгелердің жаңалығы