Алматы, BAQ.KZ. 25 қазан күні қалада 239 адамнан коронавиурс анықталды, оның 225 симптомдық белгілері бар және 14 симптомсыз.
Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Өткен тәулікте Алматы емханаларынан – 233 науқас жазылып шыққан, ал келіп түскендер саны – 107.БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 2 503 науқас бар, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 2 406, симптомсыз 97.
Инфекциялық стационарларда 1 064 адам ем алып жатыр, оның 28-і бала. Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 105 науқас бар. ӨЖЖ – 21, инвазивті емес ӨЖЖ – 56, High flow-да 24 аппарат жұмыс істейді,-делінген хабарламада.
Сондай-ақ өткен тәулікте коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-компонентін 1 472 адам, 2-компонентін 2 481 адам салдырған.
Жыл басынан бері қала бойынша 1-компонентті 988 777 адам, 2-компонентті 917 723 адам алған.
Вакцина алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер 120 203 адам.