Алматы мәслихатының кезектен тыс XXI сессиясы барысында ҚМБ-ның басшысы Сағындық Телібаев ЛРТ және БРТ құрылысына тоқталды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, Төле би көшесі бойынша ЛРТ құрылысына техникалық экономикалық негіздеме әзірленіп жатыр.
Биылғы жылы біз Райымбек даңғылы бойынша БРТ-ның бірінші учаскесін салуға және Желтоқсан көшесі бойынша Тимирязев көшесінен Райымбек даңғылына дейін БРТ-ны жалғастыруға кірісеміз. Сондай-ақ Төле би көшесі бойынша ЛРТ құрылысына ТЭН (техникалық экономикалық негіздеме) әзірлеу жалғасып жатыр. Аталған жобаларды іске асыру қоғамдық көлікті дамытуға оң әсер етеді, қала тұрғындары үшін қозғалыс ыңғайлы болады,- деді Сағындық Телібаев.