Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы сөзін айтты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Сот жарыссөзінде соңғы сөзін айтқан айыпталушы Дархан Ахметжанов көз жасын ерік берді.
Сот актісі бүгін сағат 16.30-да жарияланады. Сот кеңесу бөлмесіне кетті.
Бұзақылық жасағанымды мойындаймын. Бар ойым үйге жету болатын. Жеп жүрген нанымды адал еңбекпен тауып жүрген қарапайым құрылысшымын. Үш ұл баланың әкесімін. Құрметті сот мырза, осыларды ескере отырып маған берілетін жаза жеңіл болғанын қалаймын және өтінемін. Қайтыс болғандардың туыстарына, бала-шағаларына қайғырып көңіл айтамын. Жарақат алғандардың жазылып кетуін тілеймін. Өзімнің отбасымнан кешірім сұраймын, – деді сотталушы Дархан Ахметжанов.
Еске салсақ, бүгін сотталушының анасы да сотта сөз сөйлеп, автобус апатынын зардап шеккен жәбірленуші материалдық шығынды автопарк көтеруі қажет екенін айтқан болатын. Сонымен қатар сотталушы кәмелетке толмаған 3 баласы барын ескеруді сұраған еді.