Алматыда электр бағанасында жанып кеткен адам электрші емес болып шықты. Қазір электр бағанасына өзге адамның не себепті шыққаны анықталуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқи отырыңыз:
Informburo.kz мәліметінше, қайғылы оқиғаға қатысты энергия таратушы мекеме "Алатау жарық компаниясы" түсініктеме берді.
Компания өкілдерінің сөзінше, 12 қазанда Талғар электр желілік компаниясы балансындағы No2-13И фидерін жөндеуден кейін қайта қосу кезінде сымдарында қысқа тұйықталу болды.
ВЛ-10кВ қосу кезінде қысқа тұйықталу болып, апаттық өшірілген. Кейіннен ЛР-10кВ бағанасында өзге ер адамды электр тоғы соққаны хабарланды. Оның не себепті бағанаға шыққаны белгісіз. Ол тұтынушының балансында. Ішкі тексеру жұмыстары жүргізілуде, - делінген компания хабарламасында.
Белгілі болғандай, қаза болған адамның есімі Думан Мүшірбек. Жасы 37-де болған екен.
Еске салсақ, Алматыда тоқ соққан "электриктің" бағанаға жабысып қалғаны хабарланды.