Алматыдағы Абылай хан көшесі бойында 35 апатты ағаш кесілетін болды

18 Шілде 2021, 11:11
2624
Бөлісу:
Алматыдағы Абылай хан көшесі бойында 35 апатты ағаш кесілетін болды

Алматы, BAQ.KZ. Алмалы ауданының әкімдігі Жасыл комиссиямен бірге Абылай хан даңғылы бойындағы ағаштардың жағдайын тексеру барысында 35 апатты ағаш анықталғанын мәлімдеді.

Әкімдік таратқан мәліметте қолайсыз ауа-райында көптеген қиындықтар тудыруы мүмкін аймақтағы апаттық ағаштарды бұзу қажеттілігі туындап отырғаны айтылған.

Апатты ағаштар кесілген жерге күзде жас ағаштар отырғызылады. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр. Дегенмен, халықпен ашық және тиімді өзара іс-қимыл жасау үшін көптеген адамдарды хабардар етіп, ауданда жоспарланған жұмыстарға алдын ала кері байланыс алу міндеті қойылған,-делінген хабарламада.
Өзгелердің жаңалығы