Алматыдағы №3 Мамандандырылған ХҚКО өз жұмысын тоқтатты

16 Қыркүйек 2022, 14:39
1382
Бөлісу:
Алматыдағы №3 Мамандандырылған ХҚКО өз жұмысын тоқтатты

2022 жылғы 19 қыркүйектен бастап Алматы қаласы, Серіков көшесі, 2а мекенжайында орналасқан № 3 мамандандырылған ХҚКО бөлімі жұмысын тоқтатады, деп хабарлайды BAQ.KZ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметірен сілтеме жасап.

Осыған дейін Алматы қаласында автокөлік иелеріне арналған  5 мамандандырылған ХҚКО жұмыс істейтін.

«Құлагер» шағын ауданының №3 Мамандандырылған бөліміне қызмет алушылар аз келеді. Көбінесе автокөлік иелері қызмет алу үшін №1, №2, №5 және №6 бөлімдерге жүгінеді немесе қызметтерді екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары арқылы онлайн алады. Аудан тұрғындарының тарапынан автокөлікке қатысты қызметтерге сұраныстың болмауы себепті бөлім жұмысын тоқтатуға шешім қабылданды,  деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы қаласы филиалының директоры Абдурасул Кулдашов.

Енді автокөлік иелері қаладағы 4 МХҚО-ға жүгіне алады. Олар:

  • № 1 мамандандырылған бөлім-ш.а. Саялы, Аққайнар көшесі 1;
  • № 2 мамандандырылған бөлім-Майлин к-сі, 85;
  • № 5 мамандандырылған бөлім-Түрксіб ауданы, ш.а Қайрат, Құлжа даңғылы, 9 км;
  • № 6 мамандандырылған бөлім - «Кемел» ш.а. Ақсуат көшесі, 118, мекенжайында орналасқан.
Өзгелердің жаңалығы