Алматыда жыныстық қол сұғушылық жасады деген күдікке ілінген ер адамды ұстау кезінде ол өзіне қол жұмсамақ болған. Оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.
Алатау аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғындардан олардың қызына таныс емес ер адамның қылмыс жасағаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына патрульдік полицияның «Буран-127» экипажы жедел жеткен.
Күдікті оқиғаға қатысы бар деген болжаммен ұсталды. Алайда оны ұстағаннан кейін ер адам өзіне қол жұмсамақ болып, дене жарақатын алған.
Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылып, оған қажетті медициналық көмек көрсетілді.
Қазіргі уақытта осы факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда.
Еске сала кетейік, Қостанай облысындағы мектептердің бірінде 5-сынып оқушысына қатысты сексуалдық зорлық жасалды деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаға 6-сыныпта оқитын екі оқушының қатысы болуы мүмкін. Қазіргі уақытта полиция істің барлық мән-жайын анықтап жатыр.