Алматыда жыл басынан бері жасөспірімдер арасындағы қылмыс төмендеген

10 Шілде 2021, 18:07
3298
Бөлісу:
Алматыда жыл басынан бері жасөспірімдер арасындағы қылмыс  төмендеген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровтың төрағалығымен өткен комиссия отырысында белгілі болды. Жиынға Алматы қаласы прокурорының көмекшісі Ғ. Жанбекова қатысты.

Отырыста кәмелетке толмаған жасөспірімдерге қатысты қылмыс пен құқық бұзушылықтар қаралды. Ювеналды полицияның дерегі бойынша 6 айдың ішінде жасөспірімдер арасындағы қылмыстың 11,6%-ға төмендегені байқалды. Жүргізілген талдауға сәйкес, жасалған құқық бұзушылықтардың 40%-ы қала тұрғыны емес өңірлерден келген адамдарға қатысты. Жасөспірімдер қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына жіберіледі. Сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстардың саны 20%-ға төмендеді. Кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде және тұрғын үй-жайларынан тыс жерлерде түнгі уақытта заңды өкілдерінің болмауынан 3573 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Отырыста Алатау ауданы әкімдігі жанындағы қылмыстың алдын алу жөніндегі комиссия төрағасының есебі тыңдалды. Атап айтқанда, тәуекел тобындағы отбасылармен және кәмелетке толмағандар арасында қылмысқа жол бермеу үшін алдын алу іс-шараларын қарастырды. Басқа да аудандық комиссиялардың төрағалары да кестеге сәйкес тыңдалады. Айта кетсек, жарты жылдың ішінде аудандық комиссия отырыстарында кәмелетке толмағандардың мүддесі үшін түрлі фактілер бойынша 197 материал қаралды.

Ержан Бабақұмаров қала аумағында орналасқан колледж студенттері жасаған қылмыстық фактілерге назар аударды. Осы бағытта колледж, сонымен қатар, жалпы орта білім беру мекемелерінің оқушыларымен және басшылығымен түсіндірме жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ жасөспірімдерді оқудан тыс уақытта жұмыспен қамтуды ұйымдастыру тапсырылды.

Бұдан басқа олардың өмірі мен дамуы үшін қауіпті факторлары бар өмірінің бірінші жылындағы балалары бар отбасыларды медициналық-әлеуметтік қолдау, сондай-ақ баланың сыртқы орта жағдайларына бейімделуімен байланысты сыртқы факторларды алдын алу мәселесі бақылауда тұр.



Өзгелердің жаңалығы