Алматыда жыл басынан бері Мемлекет басшысының тапсырмасымен іске қосылған «Жұмыс орындарын құрудың өңірлік картасы» бағдарламасы аясында 53 мың жұмыс орны құрылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Биыл Ұлттық жобалар бойынша 16 мың жұмыс орны, ал жеке бастамалар аясында ШОБ субъектілерінде 38 мың жұмыс орны құрылды. Сонымен қатар, Еңбек министрлігі жастарға шағын несие беру жобасын іске қосты. Алматы қаласы бойынша жобаны іске асыруға 667 жас кәсіпкер үшін 3,3 млрд. теңге бөлінді
Бұған қоса, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 400 АЕК-ке дейінгі грантты 188 адам алған болатын. Грант қаражаты жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы тұрақты табыс табуға мүмкіндік береді.
Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту да өз тиімділігін көрсетті. 2022 жылы 3 мыңнан астам адам біліп алып, оның 936-сы бизнес ашты.
Жұмыс берушілер ұсынған бос жұмыс орындарына азаматтар электрондық еңбек биржасы арқылы өз бетінше жұмысқа орналаса алады.