Алматыда ЖРВИ-мен 16 мың адам ауырған

20 Наурыз 2024, 11:08
508
Бөлісу:
Алматыда ЖРВИ-мен 16 мың адам ауырған
Фото: BAQ.KZ - архив

МегаполистеА/H3N2 типті (Гонконг) тұмауымен ауырған 232 адам тіркелді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары  Әсел Қалықова мәлімдеді.

Өткен 8 аптада ЖРВИ-ның 15 193 жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіші – 681,42. Эпидемиологиялық маусымның қараша айының басынан бастап А/H3N2 типті тұмаудың 232 расталған жағдайы тіркелді. Жағдайлары жақсы, емдеу жұмыстары жүргізілді, - дейді Әсел Қалықова.

Өзгелердің жаңалығы