Кеше түнде Алматыда жатақханада тұратын ЖОО студенттері далаға шығып, петарда жарып, айқайға басып, тұрғындарды шошытқан, деп хабарлайды BAQ.KZ Qumash.kz-ке сілтеме жасай отырып.
Аталған видео әлеуметтік желіде пайда болған. Полиция қызметкерлері осы жағдайға қатысты түсініктеме берді. Айтуларынша, түнгі тыныштықты бұзды деген шақырту сағат 00.00-ге жақын түскен. Белгілі болғандай, электр жарығы өшірілген кезде жатақханада тұратын студенттер далаға шығып, петарда жарып, айқайлап, ысқыра бастаған.
Осы жағдайға жол берген жатақхана коменданты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 437-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - делінген Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі хабарламасында.
ЖОО басшылығы полицейлермен бірігіп студенттерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді.