Алматыда жөндеу жұмыстары тұрғындарды алаңдатты: Үйдің іргетасы ашық қалған

2 Қараша 2026, 09:31
АВТОР
 Threads 2 Қараша 2026, 09:31
2 Қараша 2026, 09:31
141
Фото: Threads

Алматыдағы Сейфуллин даңғылындағы жаяу жүргіншілер жолын қайта жаңарту кезінде ғимараттың іргетасы ашық қалған. Бұл жағдайға алаңдаған тұрғындар қалалық әкімдіктен құрылыс жұмыстары аяқталған соң жердің қайта қалпына келтірілетін-келтірілмейтінін сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Әлеуметтік желіде жарияланған жазба авторының айтуынша, тротуарды жөндеу барысында жүргізілген жер қазу жұмыстары салдарынан ғимараттың іргетасы мен кірпіш қалау бөлігі көрініп қалған.

Фото: threads

Құрылыс жобасында бұл аумақты қалпына келтіру қарастырылған ба? Ашық қалған іргетас қайта жабыла ма? Ғимараттың негізі ашық тұрғаны фотолардан көрінеді. Іргетасты қорғау және топырақтың опырылуына жол бермеу үшін қандай шаралар қарастырылғанын білгіміз келеді, – деп жазды тұрғын.

Осы мәселеге байланысты Алматы қаласының Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы ресми жауап берді.

Фото: threads

Басқарманың мәліметінше, қазір Сейфуллин даңғылының Алдар Көсе көшесінен Төле би көшесіне дейінгі бөлігін «қасбеттен қасбетке дейін» қағидаты бойынша жаңарту жобасы жүзеге асырылып жатыр.

Жоба аясында көгалдандыру, брусчатка төсеу, жарықтандыру тіректерін орнату, шағын сәулет нысандарын орналастыру және автоматты суару жүйесін жүргізу қарастырылған.

Алайда басқарманың жауабында Сейфуллин даңғылындағы ғимараттың ашық қалған іргетасын қалпына келтіру, оны қорғау және топырақтың бұзылуына жол бермеу бойынша нақты қандай жұмыстар жүргізілетіні айтылмады.

Наверх