Алматыда «Жомарт жүрек» байқауының лауреаттары марапатталды

8 Қыркүйек 2021, 12:01
7819
Бөлісу:
Алматыда «Жомарт жүрек» байқауының лауреаттары марапатталды
PHOTO
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда меценаттарды қолдау мақсатында төртінші рет өткізілген «Жомарт жүрек» байқауының лауреаттары марапатталды. 

Байқау «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2018 жылдан бері өткізіліп келеді. 

Алматыда «Туған жер» арнайы жобасы аясында кіші отанды қолдау бойынша ірі әлеуметтік жобалар жүзеге асырылды. Алматы меценаттары білім, спорт, мәдениет және тағы басқа түрлі бағыттарда кең ауқымды қайырымдылық қызметін жүргізді.

Алматыда «Жомарт жүрек» байқауының лауреаттары марапатталды

Конкурстың негізгі міндеті - қайырымдылықты дамытуға, ел азаматтарының патриоттық сезімін оятуға елеулі үлес қосқан қайырымдылық жасаушыларды көтермелеу, неғұрлым жарқын және маңызды қоғамдық бастамалардың табысты тәжірибесін танымал ету.

Алматыда «Жомарт жүрек» байқауының лауреаттары марапатталды

Республикалық сыйлық бес аталым бойынша берілді: 

1) «Жыл тұлғасы» – белсенді филантропиялық қызметі үшін - кәсіпкер, «Такамоторс» ЖШС басшысы Сырымбек Тау

2) «Жыл меценаты» – белсенді меценаттық қызметі үшін - кәсіпкер Абдулқайыр Долқунтай. 

3) «Туған өлке» – кіші отанды қолдау бойынша әлеуметтік-маңызды жобаларды іске асырғаны үшін - Мұхамедхан Сабыржан. 

4) «Жылдың үздік ұйымы» – қайырымдылық бағдарламасын тиімді іске асырғаны үшін - «Базис-А» ЖШС. 

5) «Жылдың үздік қамқоршысы» – елеулі әлеуметтік-маңызды өзгерістер мен қайта құруларға әкелген қайырымдылық көмегі үшін - «Комета» ЖШС марапатталды. 

Алматыда «Жомарт жүрек» байқауының лауреаттары марапатталды

Кәсіпкер Абдулқайыр Долқунтай меценаттықпен он жылдан бері айналысып келе жатқанын айтады. 

Алматыда «Жомарт жүрек» байқауының лауреаттары марапатталды

Біздің компания өткен жылы аз қамтылған отбасыларға, ардагерлерге 105 млн теңге, биыл 90 млн теңгенің көмегін көрсетті. Жақында 1100 оқушыға мектепке керек-жарақтарын алып бердік. Бұл шаралар ірі кәсіпкерлерге үлгі болады деген ойдамын. Жағдайы бар адамдар аз қамтылған отбасыларға көмектесіп тұрса, халықтың бірлігі нығая түсер еді. Бізге лауреат атану мақсат емес, қолымызда бар кезде жақсылық жасасақ, ертең Алланың алдына барғанда жүзіміз жарық болады, - дейді кәсіпкер. 
Соңғы жылдары меценаттардың қатысуымен қалада 1200 орынды мектеп, соңғы үлгідегі диагностикалық құрылғымен жабдықталған 500 адамға арналған емхана салынған. Оған қоса бірнеше спорттық нысан ашылды және 200-ден астам көпқабатты үйдің сыртқы келбеті жөнделген. 2020 жылы жеке демеушілікпен қаладағы бас ботаникалық саябақ реконструкциядан өтті.
Өзгелердің жаңалығы