Алматыда «Жолаушыларға қызмет көрсету» орталығы ашылды

7 Маусым 2019, 17:22
2914
Бөлісу:
Алматыда «Жолаушыларға қызмет көрсету» орталығы ашылды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Алматы-2 вокзалында «Жолаушылар тасымалы» АҚ-на қарасты «Жолаушыларға қызмет көрсету» орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Орталық вокзал кешенінің оң жақ қанатында орналасқан. Бұл туралы ұлттық компанияның баспасөз орталығы хабарлады.   

Алматыда «Жолаушыларға қызмет көрсету» орталығы ашылды

Жаңа орталықтың ашылу рәсіміне «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның басшылығы, Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Алматы қаласы Департаментінің Директоры, «Адал Жол» мен «Алматы адалдық алаңы» жобалық офистері, теміржол саласының ардагерлері, Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері қатысты.   

Алматыда «Жолаушыларға қызмет көрсету» орталығы ашылды

Орталық аптасына 7 күн тәулігіне 24 сағат жұмыс істейтін болады. Жолаушылар үшін 10 касса қызмет көрсетеді. Оның ішінде өзіне-өзі қызмет көрсетуге арналған орындар да бар. Ол жерде кеңес беретін консультанттар көмек көрсетеді. Жүк кассасы да жұмыс істейді. Жолаушы бір мезетте жол жүру билеті мен өз жүгін рәсімдей алады. Яғни, барша қолайлы жағдай жасалған. Жол билеттері комиссиясыз сатылады. Сoffee-room қызметі де іске қосылады. Сонымен қатар, орталықта аптасына бір рет «Жолаушы сағаты» өткізіледі. Саланың білікті мамандары жолаушылар тасымалы мен жүк тасымалына қатысты керекті мағлұмат беріп, шағымдар мен өтініштерді қабылдап отырады. 

Алматыда «Жолаушыларға қызмет көрсету» орталығы ашылды

Сонымен бірге орталықтың ішінде жолаушылар Компанияның негізгі қызметтері туралы ақпарат беретін бейнебаян, яғни ғаламтор арқылы жол билеттерін сатып алу, жолсерік пен жолаушының міндеттері мен құқықтары, вагондарда жүргізілетін барлық шара (жуу, тазарту, дезифекциялау және тағы басқа қызметтер) туралы мағлұмат ала алады.  

Алматыда «Жолаушыларға қызмет көрсету» орталығы ашылды

Орталықтың ашылуы 2019 жылдың 29 наурызында «ҚТЖ» ҰК» АҚ, ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Мемлекеттік қызмет істері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі арасында теміржол тасымалы саласында тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою жөніндегі үшжақты қабылданған жол картасының аясында іске асып отыр. 

Алдағы жоспар бойынша Компания осындай орталықтарды еліміздің барлық қаласында ашуды көздеуде. 

Қазіргі таңда Компанияда қала маңы тасымалымен қоса есептегенде 115 бағыт бар. Оның 105 әлеуметтік маңызды бағыт болса, қалған 10-ы коммерциялық бағыттар. Жылына орта есеппен 15 млн аса жолаушы тасымалданады.

Өзгелердің жаңалығы